Дүкен қирап, 2 адам зардап шекті. Олар дүкен иесі мен оның 6 жасар немересі.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, оқиға түс мезгілінде болған.
Екі адам күйіп қалды.
«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған. Ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Зардап шеккен екі адам Ленгер қалалық ауруханасына жеткізілді», – делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Апаттың мән-жайын мамандар анықтайды.