"Қазгидромет" 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
9 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Қар аралас жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік өңірлерінде қатты жауын-шашын болады.
Сондай-ақ өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.
Ақмола облысының шығысында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында, Абай облысының батыс және солтүстік, орталық аймақтарында, түнде Қостанай облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде жылдамдығы 30 м/с дейін қатты жел соғады деп күтіледі.