Гүл сыйлаймын деп сотталып кетпеңіз
Гүл сыйлаймын деп сотталып кетпеңіз
Фото: Интернеттен алынды
190
оқылды
Егер сізге берілген тарту 5300 теңге жетпесе 530 000 теңге айыппұл төлейсіз. Ал асып кетсе қылмыстық жазаға тартылып, түрмеден бірақ шығуыңыз әбден мүмкін, ­– деп хабарлайды Qazaqstan.kz. Телеарнаның хабарлауынша, бұл тікелей мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала мамандарына қатысты. Жемқорлықпен күресі агенттігінің өкілдері қойылатын талапты тағы бір еске салды. Мерекеде гүл алған бәріне ұнайды. Бірақ осы сыйлықты аламын сотталып кетуіңіз ғажап емес. Жемқорлыққа қарсы агенттік мемлекеттік қызметкерлер немесе бюджет мамандарына жаза қатаң екенін ескертті. Агенттіктің мәліметінше, гүлді алушының ғана емес берушінің де басы бәлеге қалуы мүмкін. Себебі, сыйлық мәселесін шешу үшін беріліп жатыр деп бағаланады. Егер бюджеттік сала мамандарын қуантамын деп зат сыйласаңыз, 360 мың теңге айыппұл арқалайсыз. Ал кәдесый мемлекеттік қызметкерге арналса, жаза бес есе өседі. Нақты айтқанда, 1 миллион 590 000 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.