Президент Жарлығымен Дәурен Мұратбеков ҚР Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.