Қарағанды-Теміртау тасжолында 200-ден астам жүк және 50 жеңіл автокөлік боран салдарынан кептелісте тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды-Теміртау республикалық жолында қатты боран салдарынан көлік кептелісі туындады. Қазір оқиға орнында полиция, ТЖД және "Қазавтожол" қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
«Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекенде қалып, алыс жолға шығудан бас тартуларыңызды сұраймыз. Біз қазір Теміртау-Қарағанды автожолында тұрмыз. Мұнда 50 жеңіл автомобиль және 200-ден астам жүк көлігі тұрып қалған. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар», – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Алдияр Маратов.
Полиция департаменті бір сағат ішінде жол ашылатынын, жол қызметтері жолды қардан тазартып жатқанын жеткізді.