9 ақпан күнгі сағат 10:30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 48 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы «Қазавтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді.
Абай облысында – 1 учаске;
Ақмола облысында – 14 учаске;
Ақтөбе облысында – 5 учаске;
Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске;
Қарағанды облысында – 5 учаске;
Қостанай облысында – 7 учаске;
Қызылорда облысында – 1 учаске;
Павлодар облысында – 4 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында – 8 учаске;
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Осы уақтта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 519 бірлік техника және 864 жолшы жұмылдырылды.