Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанға скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Біртіндеп атмосфералық қысым жоғарылай бастамақ.
«Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°С, түнде -20...-28°С дейін аяз болады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің оңтүстік жартысында ауа райы жылына түседі. Дегенмен жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.