Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті аса ірі көлемде балық өнімдерін экономикалық контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығымен көрінеу жалған, балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын ветеринарлық сертефикат қолданылған.", - делінген ҚМА баспасөз қызметі мәліметінде.
Алайда, аталған балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.
Тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.
Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.