Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған, - деп жазды Aikyn.kz.
Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.
"Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тасжолы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан", - деп жазды Отырар арнасы.
Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.