2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқкиімдер мен рюкзактар сатып алынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.
Сонымен қатар жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған.
Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген", – деп жазды департаменттен.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны "бірреттік" деп атаған болатын.
Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.
ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.