Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды

Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.

Астана көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан аса арнайы техника шықты. Бұл туралы қала әкімдігі  мәлімдеді.

10 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметінің 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,6 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3,4 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс басынан бері қаладан қар полигондарына 309 мыңға жуық рейс, яғни 4,2 млн текше метр қар шығарылды.