«Странджа» кубогы: Дулат Бекбауов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Дулат Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибимен кездесті.

Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» кубогында тағы бір қазақстандық боксшы финалға шықты.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Дулат Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибимен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай «Странджа» халықаралық турнирінде өзбек боксшысын жеңгенін жазған болатынбыз.