90 миллион теңге: Алматы облысында тағы бір мектеп бухгалтері ұсталды

Талғар ауданындағы мектептердің бірінде бухгалтер қызметкерлердің жалақысының үстінен ақша ұрлаумен айналысқан.

Алматы облысының прокуратурасы анықтағандай, құқықбұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

«Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), тергеулігі бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды», – делінген хабарламада.

Осыған ұқсас факт Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.