Өнер иесі ДНҚ тапсырды, артынша осы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Астарлы ақиқат” бағдарламасына қонақ болған Бейбіт Қорған осы оқиға басталғалы желідегі парақшасында оқырман саны артып, қаралымы көбейгенін жеткізді.
“Құрметті ағайын! Бос әңгімелерге көңіл бөлетін уақыт жоқ. Шаруа бастан асады. Екінің бірі ондай әңгіме айта беретін болса, не қалады?!. Бәрі заңды түрде шешілсін! Дәлелдесін! Қолдап жатқан достарыма рақмет! Осы оқиға басталғалы қаралым көбейіп, жазылушылар саны артты. Нағыз қара пиар болды”, – деп күлді өнер иесі.