Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Софияда (Болгария) өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты деп те аталатын «Странджа» турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз финалда үнді боксшысы Амит Пангалмен кездесті. Жекпе-жек күтпеген нәтижемен, яғни үнді боксшысының жеңісімен аяқталды – 5:0.
Осылайша, бокстан кіші әлем чемпионатында Амит Пангал «алтын» алса, Санжар Тәшкенбай жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – қазіргі әлем чемпионы. Қарсыласының мансабындағы басты жетістігіне келетін болсақ, Пангал 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.