Жайылымдар мәселесі қайта қаралады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депу­таттар 15 ақпан күні болатын Сенат оты­рысы­ның күн тәртібін талқылап, бекітті.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Ол жа­йы­лымдарды басқару және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, депутаттар бастамашы болған заңда халықтың қажеттілігіне арналған жайылым жерлерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салатын нормалар қарастырылған.

Сонымен қатар палата отырысында сенатор­лардың «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қызметі туралы депутаттық сауалы бойынша Көлік министрі Марат Қарабаевтың ауызша жауабы тыңдалады.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің көлік-логистика­лық әлеуетін арттыру стратегиялық міндет деп белгілеп бергенін атап өтті. Осыған байланысты палата отырысында азаматтар мен кәсіпкерлер жиі көтеріп жүрген жолаушылар тасымалы, жүк тасы­малы, тарифтік саясат және тағы басқа маңызды мәселелерге баса мән беріледі.