Шарада алғаш болып сөз тізгіндеген облыс әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нағима Темірбекова өңірдегі су қоймаларының сыйымдылығы 136,6 млн текше метрді құрайтынын тілге тиек етіп, бүгінгі күнге су қоймаларында нақты 48,3 млн текше метр су жинақталғанын жеткізді. Яғни, бүгінде өңірдегі су қоймаларында 35 пайыз су жинақталып тұрғандығын баяндады.
Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, өңірдегі елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басу қаупі бар екендігі айтылды. Атап айтқанда, Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі байқалған. Бұл жағдайға тау бөктеріндегі еріген қар суы мен жаңбыр сулары күрт молайған жағдайда аталған аумақтарда су тасқыны болуы ықтимал. Сол себепті алдын ала болжамдар жасалып қажетті шаралар жан-жақты қабылдану керегі айтылды.