«Қазгидромет» РМК 13 ақпанға арналған райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсер етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады.
Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады.