Бүгін сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысында – 4 учаске (227 км)
Ақтөбе облысында – 5 учаске (933 км)
Атырау облысында – 1 учаске (16 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске (180 км)
Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)
Қостанай облысында – 5 учаске (535 км)
Қызылорда облысында – 1 учаске (120 км)
Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске (1036 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 480 жолшы жұмылдырылды.