Бұрқасын, жел, көктайғақ: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми дерекке сүйенсек, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, тұман болады. Ақмола облысының шығысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғады.