Таңертең Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін таңғы 6:00 кезінде қалалық ТЖД «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.
Сондай-ақ «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.
Оған себеп — күшті жел, боран, жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді.
Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді.
Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.