Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір парамен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.
«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады Антикордан.
Шапағат Әубәкір бұл қызметке былтыр 19 қаңтарда тағайындалған еді.