14 ақпан күні сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 41 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
Абай облысында – 6 учаске,
Ақмола облысында – 2 учаске,
Ақтөбе облысында – 5 учаске,
Алматы облысында – 1 учаске,
Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске,
Жамбыл облысында – 1 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 9 учаске,
Қызылорда облысында – 3 учаске,
Павлодар облысында – 5 учаске,
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске,
Түркістан облысында – 2 учаске,
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік техника және 1481 жолшы жұмылдырылған.