ҚазҰУ өкілі жеке деректері тарап кеткен студент қыздарға қатысты мәлімдеме жасады

Заң бойынша тергеу 15 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін деп қосты ҚазҰУ проректоры.

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмила Айтжанова университет студенттері жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Tengrinews.kz сұрақтарына жауап берген Айтжанова университет келісім-шарт негізінде медициналық қызмет көрсеткен Smart Health University City ЖШС-мен келісім-шартты бұзуға ниетті екенін айтты

"Университетімізге қызмет көрсететін жеке медицина орталығы медициналық тексеруден өткен студенттердің тізімін тапсырды. Қазір университетімізде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, анықтаймыз. Бұл жол берілмейтін дерек. Әрине, біз де бұл компанияның (медициналық - еск.) мұндай қателік жасағаны үшін жауаптымыз", - деді Айтжанова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, университет прокуратураға хабарласып, тергеуді бастаған. Тілші "ректор бұл оқиғаға қатысты ресми түрде кешірім сұрай ма" деп сұрады.
 
"Әрине, олардан кешірім сұраймыз. Бүкіл университет басшылығымен кешірім сұраймыз", - деп сендірді Айтжанова. Жәбірленуші студенттерге университет тарапынан өтемақы төлеу жоспарда бар ма деген сұраққа проректор бұл мәселе шешілетінін айтты.
 
"Оған (механика-математика факультеті деканатының маманы С.Ж. – еск.) әкімшілік жаза болады, шаралар міндетті түрде қабылданады. Әлі жұмыстан шығарылған жоқ, мәселе құқықтық тұрғыдан шешіледі. Бұл біздің қызметкер болғандықтан, тәртіптік тергеу әлі жүріп жатыр, дәл осы олқылықты жасаған кім екені әлі анықталады. Әр шешім артында адам тағдыры тұр", - деп қосты Жәмилә Айтжанова.
 
Заң бойынша тергеу 15 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін деп қосты ҚазҰУ проректоры.