Абай облысында ТЖД, ЖАО және полиция күштері Талдықорған-Семей тасжолында 13 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Сағат 23.20-да Аягөз қаласынан жолдың жабық учаскесінің алдында ТЖД, ЖАО және полиция күштері Талдықорған-Семей қатынасымен жүретін жолаушылар автобусынан 13 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады, – делінген ТЖМ мәліметінде.
Жолаушылар Аягөз қаласындағы жылыту пунктіне орналастырылды.
Құтқару жұмыстарына 5 адам және 3 техника жұмылдырылды.