ТЖМ Сейсмикалық стансалар желісі бүгін сағат 9.52-де жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.6. Магнитудасы – MPV 5.2. Тереңдігі – 5 шақырым. Алматы қаласында сезілуі 2 балл болды.