Еліміздің 11 өңірінде 18 жол учаскесі жабылды

15 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес, шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Еліміздің 11 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді,–  деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, 15 ақпан сағат 15.00-дегі ахуалға сәйкес, шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр.

Оның ішінде:

  • Абай облысында –  2 учаске (177 шақырым);
  • Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым);
  • Алматы облысында –  1 учаске (84 шақырым);
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым);
  • Жамбыл облысында –  1 учаске (450 шақырым);
  • Жетісу облысында –  1 учаске (100 шақырым);
  • Қостанай облысында –  1 учаске (83 шақырым);
  • Қызылорда облысында –  1 учаске (815 шақырым);
  • Солтүстік Қазақстан облысында –  2 учаске (249 шақырым);
  • Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым);
  • Ұлытау облысында –  1 учаске (115 шақырым).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1 475 жолшы жұмылдырылған.