«Бармысың, бауырым?» хабарына туған анасын іздеп табу үшін Берік Кубанычбекулы Байгелдиев көмек сұрап, жүгінген. Берікті туған анасы 2 айлығында сәбилер үйіне өткізген. Кейіпкер оның себебін, анасының материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz El.kz-ке сілтеме жасап.
Берік 2011 жылға дейін балалар үйінде өседі. Сол жылы 10 наурызда оны қазақстандық отбасы асырап алған. Хабар барысында өгей ата-анасы өзіне қатал қарағанын, денсаулық жағдайы нашар екенін білсе де жұмысқа жеккенін айтты.
Қымбат Досжанның мәліметінше, 1996 жылы 6 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Анасының аты-жөні Ерқосаева Айжамал Ерқосайқызы, шамамен 1979-1980 жылдары туған. 6 жасқа дейін анасы Айжамал балалар үйіне келіп тұрған. Әр келген сайын тәттілері мен ойыншықтарын алып келетін болған. Соңғы рет 6 жасында келіп, "Шыдай тұр, алып кетемін", – деп айтып кеткен.
"Балалар үйіне мені 6 жасымды ауыстырды. Сол кезде келіп, "Сені жақында алып кетемін, шыдай тұр", – деп еді. Алайда одан кейін келмеді. Туған анамды тапқым келеді. Ол отбасын құрған жағдайда, мен оларға тиіспеймін. Мен өзімнің жеті атамды, жүзімді білгім келеді", – дейді Берік.
Берік өзін асырап алған отбасы жұмысқа салғанын жасырмай айтып берді.
"Мені 2011 жылы Астана қаласының адамдары асырап алған. 12-13 жасымда сол кісілердің қолына өттім. Балалар үйіне ата-аналар келген сайын "Бізді де алып кетеді", – деп қуанатынбыз. Бірақ арманым ұзаққа созылмады. Олар ақырындап мені ауыр жұмысқа сала бастады. 8-сынып оқитын кезімде шыдай алмай, балалар үйіне қайтқым келетінін айтып, хат жазған едім. Олар менің хатымды оқып, ұрып-соқты", – дейді Берік.
Осылайша, Берік анасымен қауышсам деген арманын, тегімді білсем деп тілегін жеткізді.