Бүгін сағат 21.30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Абай облысында – 3 учаске (323 км)
Ақмола облысында – 27 учаске (2201 км)
Ақтөбе облысында – 4 учаске (694 км)
Алматы облысында – 1 учаске (84 км)
Атырау облысында – 1 учаске (9 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (280 км)
Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске (133 км)
Қарағанды облысында – 8 учаске (1118 км)
Қостанай облысында – 11 учаске (1591 км)
Қызылорда облысында – 1 учаске (815 км)
Солтүстік Қазақстан облысында – 15 учаске (1924 км)
Түркістан облысында – 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында – 3 учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жұмысшы жұмылдырылған.