Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы Семиполка ауылының тұрғыны Баян Мақатоваға іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Волонтерлердің мәліметінше, Баян Қайранасқызы 2 ақпан күні сағат 9:00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.
Әйелдің психикалық дерті бар. Бойы 160-165 см, толықша келген. Шашы қысқа қырқылған, қоңыр түске боялған.
Сол күні үстінде күзен терісінен тігілген бас киім, қоңыр тон, қара түсті шалбар, қара былғары етік, қолында көк торлы сөмке болған.
Волонтерлер Баян Мақатованы көрген-білгендер болса «102» немесе 8 747 628 35 31, 8 926 626 64 33 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.