Жолды жабуға қалың қар, боран мен көктайғақ себеп болып отыр. Біраз аймақтарда алда ештеңе көрінбейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абай облысында жалпы ұзындығы 411 шақырым болатын екі автомобиль жолында:
1. «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау мен Боғас арасы
2. «Қарағанды-Аягөз-Боғас» — Аягөз бен Боғас арасы
Алматы облысында жалпы ұзындығы 99 шақырым болатын 2 автомобиль жолында:
1. Алматау турбазасына кіреберіс аймақ
2. «Алматы-Ташкент-Термез» — Жаңақұрылыс-Жамбыл облысы шекарасы
Шығыс Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 589 шақырым 4 автомобиль жолында:
1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка мен Риддер арасы
2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман бұлағы
3. «Омбы-Майқапшағай» — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін
4. «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр мен Марқакөл арасы
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 174 шақырым бір жолда
1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы облысы шекарасынан Кенен ауылына дейін.
Қозғалыс балама жол — ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асады.
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында
1. «Үшарал-Достық» Көктума мен Достық арасы.
2. «Сарыөзек-Көктал» Алтынемел асуы
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автомобиль жолында
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа шейін.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында
1. «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» Возвышенкадан Рощинское ауылына дейін.
2. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы, Кішкенекөл мен РФ шекарасы арасы.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым бір жолда
1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытаудан Қостанай облысы шекарасына дейін.
Республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 336 арнайы техника мен 539 қызметкер жұмылдырылған.