Республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұру шектелді, ал облыста табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Абай облысының жолшылары мен ТЖҚ көмегімен "Қалбатау-Майқапшағай" автожолының 970-995 шақырым учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.
Бүгінде Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде.
Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.