Саршұнақ аяз, боран, қар: синоптиктер өңірлерде дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» мамандары республиканың тоғыз облысында дауылды ескерту жариялады.

Жетісу облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман болады. Облыстың басым бөлігінде түнде -25°C қатты аяз болады. Алматы мен Қонаевта да түнде -25°С қатты аяз болжанған.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз қалың қар жауады.

Ақтөбе облысында 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде облыстың шығысында -35°C дейін қатты аяз сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде түнде -35-38°С аяз сақталады. Қарағандыда түнде -35°C дейін қатты аяз болады.

Павлодар облысының шығысын және оңтүстігін тұман басады.

17 ақпан сағат 21.00-ден 18 ақпан 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында болжанған қолайсыз ауа райына байланысты оның екінші дәрежелі деңгейі туралы ескерту сақталады.