Қазақстанда 28 тасжол жабылды

Бүгін сағат 22.00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 11 өңіріндегі 28 тасжолында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.

«ҚазАвтоЖолдың» дерегінше, Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 1 142 шақырымды құрайтын 5 автомобиль жолында: 

1.«Омбы-Майқапшағай» - Семей қ.-Қалбатау а., Қалбатау а.-Боғас а.

2. «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» - Аягөз қ.-Боғас а.

3. «Алматы-Өскемен» - Жетісу обл. шекарасы-ШҚО шекарасы

4. «Таскескен-Бақты» - Таскескен а.-Үржар а.

5. «Өскемен-Семей» - Семей қ.-ШҚО шекарасы

Ақмола облысында (ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Екатеринбург-Алматы» - Жібек Жолы төлем алу пункті-Қарағанды обл. шекарасы

2. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» Қабанбай батыр а.- Қарағанды обл. шекарасы

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 99 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;

2. «Алматы-Ташкент-Термез» - Жаңақұрылыс а.-Жамбыл обл. шекарасы

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 589 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:

1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.

2. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары» 

3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы

4. «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» Дайыр а.-Марқакөл а.

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында: 

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Кенен а.-Қайнар а.,

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 158 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.

2. «Алматы-Өскемен» Үшаралға бұрылыс-Абай обл.шекарасы

Қарағанды облысында (ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 1 251 шақырымды құрайтын 4 автомобиль жолында:

1. «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» Ақмола обл. шекарасы-Теміртау

2. «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды-Павлодар обл. шекарасы, Ұлытау обл. шекарасы-Топар к., Ботақара к.-Қарқаралы қ.

3. «Екатеринбург-Алматы» - Ақмола обл. шекарасы-Теміртау төлем алу пункті, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, Теміртау төлем алу пункті-Қарағанды, Новостройка к.-Балқаш қ.

4. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» Павлодар обл. шекарасы-Ботақара к.

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында: 

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.

Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ. 

2. «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкенекөл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы, Жезді к.-Ұлытау а.

2. «Қызылорда-Павлодар» Жезқазған қ.-Қарағанды обл. шекарасы

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 428 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды.