Ұлттық тестілеу орталығы қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында үміткерлердің қаншасы қандай балл жинағанына талдау жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
130-139 балл аралығындағы ең жоғары көрсеткішке тек 72 адам ғана ие болған. Ал 110-129 балл аралығындағы нәтижеге тек 3,8 мың адам қол жеткізген.
Ал бұдан төмен көрсеткіштерге қол жеткізгендердің үлесінде аса үлкен айырмашылық жоқ:
90-109 балл: 16 мың адам;
76-89 балл: 20,9 мың адам;
70-75 балл: 11,9 мың адам;
60-69 балл: 22,4 мың адам;
50-59 балл: 23,1 мың адам.
Ал шығармашылық емтиханда 459 үміткер тіпті 10 балл да жинай алмаған. Ал толық 30 балл жинағандардың саны – 11:
0-9 балл: 459 адам;
10-19 балл: 7,5 мың адам;
20-29 балл: 4,6 мың адам;
30 балл: 11 адам.