Канело карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Альварес соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Джермелл Чарлоны (35-2-1, 19 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) карьерасын қашан аяқтайтыны мәлім болды, – деп жазады Aikyn.kz.

"Канело Альварес әлі кемі бес жыл жұдырықтасатынын, одан кейін ғана бокстан кететінін мәлімдеді", – деп жазыпты инсайдер Майкл Бенсон әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz жазғандай, Альварес соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Джермелл Чарлоны (35-2-1, 19 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бірінші орта салмақта абсолют чемпион болған Джермелл Альвареспен екінші орта дивизионда жұдырықтасты. Енді мексикалық боксшы Джермеллдің егізі Джермалл Чарломен (33-0, 22 КО) жекпе-жек өткізбек.