Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, екі тұрғынның бірінің жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомство мәліметінше, 1966 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 40%-ын күйік шалған оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Ал 2008 жылы туған қыз баланың жағдайы орташа. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жарақаттанған. Ауруханаға жатқызылған науқасқа консервативті ем жүргізілуде.
Еске салсақ, бүгін Қарағандыда Депутатская көшесінде орналасқан тұрғын үйде сағат 03:30 шамасында жарылыс болды.