"Қазгидромет" синоптиктері 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қармен жаяу бұрқасын күтіледі.
«Еліміздің оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты аяз сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 35-39 градус болады», — деп жазды Қазгидрометтен.