Қостанайда шіркеу мүлкін ұрлаған күдікті ұсталды

Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Қостанайлық полиция қызметкерлері шіркеу заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 1,2 млн теңге, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтар айында күдікті ғибадатханаға жасырын кіріп, шамамен 1,2 млн теңгеге екі қола крестті, потирді, дискосты, діни қызметкердің қола крестін, конфессиялық інжілді ұрлап кеткені анықталды. Ұрлық жасағаны үшін ол екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

– Сол күні теміржол вокзалында полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Жасырын ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауға алынды, – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.