Бағланованың бұйымдары музейге қойылды

Халық қаһарманы, Қазақстанның, КСРО Халық артисі Роза Бағланованың өмірден қайтқанына биыл 13 жыл. Бұлбұл әншіні еске алу үшін Алматыдағы «Анаға құрмет» музейі оның ұрпақтарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Кешке Роза Бағланованың продюсері болған Қуа­­ныш Абдухалимов, әншінің ұлы мен келіні арнайы шақыртылды. Сонымен қатар Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері әннен ша­­шу шашты. Жиын барысында әнші­­нің ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағлановалар «Анаға құрмет» му­­­­зейі­не анасының шапаны мен бөрігін, сахналық аяқкиімі мен 1980-1990 жылдағы шыққан кон­цертінің афишасын, сонымен бірге авто­­­­био­­графиялық кітабын тарту етті. Музей қызметкерлері ризашы­­лығын білді­­­ріп, бұл аманатты музей қабырғасына қоятынын айтты. 

Гүлнәр ӘБІШ,

«Анаға құрмет» 

музейінің меңгерушісі