Өскеменде 16 балалы отбасы бар
Өскеменде 16 балалы отбасы бар
© CC0 / Pexels
138
оқылды
Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр, -деп хабарлады Аltaynews.kz. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр ана Наталья Красильниковамен кездесіп, оған "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағын берді.
"Бүкіл өмірін бауыр еті балаларының болашағына арнаған отбасын нығайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық! Қала тұрғындары атынан Наталья Анатольевнаны мерекесімен құттықтадым", - деді Жақсылық Омар.
Бұдан бөлек Жақсылық Омар жас спортшы Анастасия Городкомен кездесті. Жуықта ғана ол фристайлдың могул түрінен Финляндияда өткен Еуропа кубогында рекордтық ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көтерілген еді.