Актриса Әсел Сағатова өзіне ғашық жігіттерге көзқарасы қандай екенін айтты. Өнер иесі бұл туралы REVUE NEWS бағдарламасында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актрисаның айтуынша, бұл жағдайға өзінің де, күйеуінің де еті үйренген.
"Әлеуметтік желіде тараған видео "Ирина Қайратовна" мен Hiro-ның жаңа альбомының тұсаукесерінде түсірілді. Ол видео трендке шығып кетеді деп күтпедім. Жұрттың алдында жүргендіктен, бұл жағдай үйреншікті болып кетті. Әлеуметтік желіні белсенді жүргіземін. Сондықтан жігіттердің назарынан қашып құтыла алмаймыз", – деді Әсел Сағатова.
Сонымен қатар өнер иесі сұлулығының құпиясын айтты.
"Сұлулығымның құпиясы жоқ. Ашуланбауға тырысамын. Ашулансам, мінезімді бақылауда ұстауға тырысамын. Өзіммен жұмыс істеймін", – деді Сағатова.
Бағдарлама мәліметіне сүйенсек, актриса 2010 жылы тұрмыс құрған. Актриса 2014 жылы ана атанып, ұлды болған. Ал 2017 жылы Әсел Сағатова қызын дүниеге әкелді.