"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады, тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын, көбінесе қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын түрінде сақталады. Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында-тұман күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында 27 градус қатты аяз сақталады.