Қазақстандық спортшы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 - Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің ширек финалына шықты.
Елена Рыбакина Польша өкілі Магдалена Френхті (WTA рейтингінде 53-орын) 7:6 (7:5), 3:6, 6:4 есебімен ұтты.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, матч ұзақтығы 2 сағат 41 минутқа созылды.
Енді Елена Рыбакина ширек финалда италиялық Ясмини Паолинимен кездеседі. Бұл теннисші WTA рейтингінде 26-орында тұр.