ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрлік мәліметінше, жерасты дүмпуінің қуаты 2 балл болған.
«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан, Қытай аумағында - афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ», - делінген хабарламада.