Никиша – күміс жүлдегер

Денис Никиша әлем кубогында жүлдеге ілікті. Польшаның Гданск қаласында шорт-тректен дүниежүзілік доданың кезекті кезеңі мәресіне жетті. 500 метрлік бәсекеде қазақстандық Денис Никиша өте сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол финалда аталған аралықты 41 секундта бағындырып, екінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде Канада, қола жүлде Польша спорт­шыларына бұйырды. Айта кету керек, Денис осы маусымда 3-рет жүл­деге қол жеткізіп отыр. Яғни, Канададағы әлем кубогының жеке­лей сынында қола және Оңтүстік Кореядағы әлем кубогының коман­далық сынында тағы бір қола жеңіп алған болатын. Соның арқасында 31 340 ұпай жинап, әлемдік рей­тингте 4-орынға тұрақтады.  

Бұл – Гданск қаласындағы байрақты бәсеке әлем кубогының шешуші, яғни соңғы кезеңі. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 күміс пен 3 қола енші­леп, жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады. Енді Ұлттық ко­манда спортшылары әлем чем­пио­натына дайындалады және осы жетістікті сол жақта қайталауға ты­рысады. Жаңа ғана тағы бір қуанышты хабар алдық. Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасын­дағы әлем кубогында да күміс жүлдеге қол жеткізді. Дүниежүзілік доданы Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласы қабылдап жатыр. Ұлттық құрама қыздар арасындағы эстафетада жүлдеге ілікті. Бұл сын­ға Алина Әжғалиева, Полина Ом­ель­чук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана Жалмұхан бестігі қатысты