«Келесі аптада Дубайда QazExpoCongress ұлттық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайдаланамыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана болмайды. Алғаш рет инжиниринг қызметінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгерілетпекшіміз», – деді министр.