«Сот кабинеті» жүйесінің тиімділігі жоғары

«Сот кабинеті» электронды жобасы – еліміздің сот органдарының электронды сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезесі. Бұл жоба 2014 жылы ҚР Жоғарғы Сотының sud.kz ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетуіне негізделіп, іске қосылған.

«Сот кабинеті» сервисіне қол жеткізу үшін office.sud.kz. сілтемесі арқылы сот кабинетімен жұмыс жөніндегі анық­таманы бассаңыз, осы электронды сервисті қалай пайдалануға болатыны ретімен көр­­­­се­тілген. Қазақстан Республи­­касы сот ор­­­­ган­­­­­дарына арыз, өтініш­, ша­­­­­ғымдар мен өті­нішхаттар, сон­дай-ақ хат­­­тар­ жі­беру үшін бұл сервистің ықпалы зор.

Алдымен сервисті пайдалану үшін сотқа жүгінуші тұлға, заңды тұлға өкілі алдыңғы кезекте ХҚКО-дан (халыққа қы­­з­­мет көрсету орталығы) өзіне электрон­ды цифрлық қолтаңба алуы қажет. Осы рә­­сімнен өткеннен кейін арыз беруші элек­­тронды қызмет көрсетудің ішінен өзіне керек бөлігін оңай таңдай алады.

«Сот кабинеті» сервисі қағазсыз элек­тронды құжат айналымы саналады. Осы арқылы сот құжаттарын және істерді іздеу­­­ге, мемлекеттік бажды онлайн төлеу­ге, істі қарау барысын қадағалауға болады.

«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі талап қою  үшін арыз беруші «Сот кабинеті» порталына арнайы де­­­­­­ректерді қамтитын электронды талап ны­­­­­санын толтыруы қажет. Атап айтқанда, талап берушінің ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, электронды поштасы (бар болған жағдайда), сот орналасқан об­­­лысы және өзіне қажетті аудандық, қа­­­лалық сот атауын, «төлемейді» деген алаң (мемлекеттік баж төлеуден босатылған кез­­­де толтырылады) көрсетілуі тиіс. Со­­­ны­­мен қатар Салық кодексінің 541-ба­бына сәйкес мемлекеттік баждан бо­сатылған  істердің/талапкерлердің санаты (мемле­­­кеттік баж төлеуден боса­тылған кезде толтырылады); мемле­­кеттік баж сомасы; талаптың толық мәтіні; талапқа қоса бе­­­рілетін құжаттардың тізбесі қажет.

Талап беруші электронды құжат ны­­санында талапты және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркейді. Егер жеке немесе заңды тұлға болса талапкер туралы деректер нысаны және жеке немесе заңды тұлға балып табылатын жауапкер туралы деректер нысаны толтырылады. 

Арыздың атрибуттарын енгізгеннен кейін қажет болған жағдайда талап беруші мемлекеттік баж салығын төлей алады. Төленгеннен кейін электронды талап қою­­­­ға арыз берушінің электронды сандық қолтаңбасымен қол қойылады және бірың­ғай автоматтандырылған ақпа­­раттық-талдау жүйесі орталығына жі­­беріледі. 

«Сот кабинеті» электронды жүйесі ар­­­­­қылы жолданған талаптар бойын­ша істе тарап болып табылған тұлға сотқа кел­­мей-ақ осы жүйеге кіру арқылы іс құ­­жат­та­ры­мен, материалдарымен, соттың шы­ғарған құжаттарымен, сот хаттамасын беру туралы арыз, хаттамаға ескерту-арыз­­ды беруге және сот актілерімен та­нысып, кө­шір­­­­мелерін алу құқығына ие болады.

Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электронды қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік. Сот кабинеті азаматтарға сот органдарының электронды сервистеріне бір терезеден қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қазір «Сот кабинеті» ақпараттық сер­­висі онлайн сервистерге және сот орган­­­­дарының қызметіне қол жеткізудің бірың­­ғай терезесі ретінде сот жүйесінің ор­­­­­­ган­­­­­­­­дары мен халықтың өзара әрекет­­тестігі бо­йынша оң нәтижесін беруде.

Сотқа арыздарды беру механизмін жеңілдетуге, азаматтардың уақытын үнем­деуге, сот жүйесінің ашықтығы мен қол­­жетімділігіне, сонымен бірге сот іс жүргі­­зуін электронды цифрлық қолтаңба ар­­­­­­­­­қы­­­­­лы электронды әрекеттесу бойынша жеңілдетуге бағытталған.

«Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі аза­маттық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған. Бұл тұрғыда ол тәжі­­­рибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүкін­­дігін ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электронды қызмет көрсетулер бар.

Сонымен қатар «Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электронды арыздар туралы ақпаратты қарау және істі қарау барысының мүмкіндігі жеңілдетілген. Ал «Менің хаттарым» бөлігінде сотқа жол­данған талап бойынша арадағы хат алма­суларды көру мүмкіндігі қарас­­ты­рылған.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бірінші кезекте апелляциялық және кас­­сациялық сатылардағы ақпаратты қарау және істі қарау барысы бір жерде іске асы­­­рылған. Пайдаланушы тиісті сілтемені баса отырып, барлық сатыдағы өз ісінің қоз­­­­­­ғалысының тұтас процесін қарай алады.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанның сот жүйесіне заманауи электронды техноло­­­гияларды енгізу халықтың сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін елеулі түрде кө­­теруге мүмкіндік берді.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электронды сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкін­­­дік береді. Мысалы, жаңартылған «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стан­­­­дартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжат­тарға қол қою Egov mobile мобильді қосым­­шасының Face ID және Touch ID (QR-код­­ты сканерлеу) арқылы мүмкін бола­­­ды. Ен­­гізілген жаңашылдық сервиспен жұмыс­­­ты айтарлықтай дәрежеде жеңіл­детеді.

Осы орайда жобаның артықшы­­лық­­тарына тоқталсақ, eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу, компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде), мобильді гад­­­жеттердің қосымша параметрлерінің қа­жеті жоқтығы, мобильді гаджет арқылы ав­­торизациядан өту және құжаттарға қол қоюға мүмкіндік арта түсті.

«Сот кабинеті» сервисін пайдала­­­­­ну­­шылар саны жылдан-жылға өсуде. Сон­­дық­­­тан сотқа талап қоюларды осындай басымдықтарға ие «Сот кабинеті» элек­­­трон­­­­ды жүйесімен жолдауға шақыра­­мын.

Аян АЛТЫНБАЕВ,

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық

сотының әкімші басшысы