Кеш қалдым деп күйзелме сен, құрбыжан...

Елімізде ана болуға асық­­­пай­­­­тындардың саны артуда. 35 жастан асып сәби сүйген әйелдер соңғы он жылда 20 мың­­­ға көбейген.

Мәсе­лен, 2015 жылы 35-39 жас аралы­­­ғындағы 37 мың әйел босанса, 2021 жылғы бұл көрсеткіш – 57 мың. Ал 2021 жылы 20-24 жасында сәби сүйгендер саны 95 мыңнан асса, 30-34 жас аралығындағы босан­­ған әйел­дер 112 мыңға жуықта­­­­ған, бұл кезеңдегі 25-29 жастың көрсеткіші – 134 мыңдай. Бұл орайда, қоғамның да, маман­дардың да пікірі екіге жарылады: бірі – кеш жүктілік кезінде түрлі генетикалық аурумен бала туу, сондай-ақ ана өлімінің ықтималы жоғары десе, енді бірі бұл жастағы әйел­дердің жауапкерші­лігі жоғары – жүктілікті жоспар­лайды, бала тәрбиесіне ұқыпты дегенді алға тартады.

Бұл үрдіс кейінгі 10-15 жылда бүкіл әлемде белең алды. Мәселен, АҚШ және Еуропа елдерінде 20-25 шамасында сәби сүйгендерге қарағанда 35-40-тан кейін босан­­­­ғандар саны артуда. Зерттеушілер мұны өмір сүру жасының ұзаруымен және қоғамдағы ана мен әйел рөлінің өзгеруімен байланыстырады. Сон­дай-ақ әйелдердің босануға асық­­­­пауына тағы бірнеше әлеу­меттік-экономи­­­калық және демографиялық фактор әсер етеді: гор­моналды кон­­­трацепция қолдану, әйелдердің жұ­­­­мыс­­пен қам­­­­­тылуының ар­туы, жоға­­­ры білім алу, мансап құру және әлеу­­­­меттік мәрте­­­­бені көтеруге ұмты­лу, бала туу мен тәрбиелеу үшін қо­­­лайлы жағдай жасау және тағы басқа. 

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұсынған әлеу­­­мет­тік зерттеуге сүйенсек, бүгінде елі­­­міздегі 30-дан асқан әйелдер 30 жаста болған өз анасынан білім деңгейі, әлеуметтік процестерге қатысуы жа­­­ғы­­­­­нан ерек­­­­шеленеді. Қазіргі әйелдер белсенді, экономикалық және саяси құқығы мен еркіндігін жақсы біледі, тәуелсіз әрі бірнеше әлеуметтік рөлді бірікті­­­­­руге қабілетті. 

Дайындықсыз жүктіліктен сақтану керек

30-дан асып алғаш ана атанған Гүл­­­нәр Досымбек кеш жүктілікке тия­­нақты дайындалу керегін айтады. 

«Әр әйел іштей ана болуға дайын екенін сезеді деп ойлаймын. Өкі­­­­ніш­ке қарай, біздің қоғам 25 жастан ассаң болды кәрі қыз қылады. Сол қыздар­­­­дың басым көпшілігі ата-ана­­­сының, аға­­йын-туыстың «қысы­­­­­мы­­­­мен» алды-артына қарамай 25-тен асқаннан ке­­­­йін асығыс тұрмысқа шығып жа­­­­­тады. Күйеуге тиген соң 1-2 жыл бала сүй­­­­ме­­­­сең, баяғы қоғам енді «бедеусің» дей­­­­ді. Бұл екі стерео­­­типпен бетпе-бет келіп көрдім. Ел-жұрттан «әбден отыр­­­дың-ау» деген сөз естіп жүргенде, яғни 29 жасымда тұрмысқа шықтым. Содан соң бір жылдай жолдасыммен бірге медици­­­налық тексеруден өтіп, қажетті ем-дом қабылдап, тұңғышым­­­ды көтер­­­дім. 31 және 34 жасымда екі рет сәби сүйдім. Елімізде бұл жасты кеш жүк­­­­тілікке жатқызады. Әйтсе де, күйеуге тие салысымен бала тууға асық­­пау керек. Әсіресе, 30-дан кейін босана­­­­тын болсаң, денсаулығыңды жүкті­­­лікке тың­­­ғы­­­­­лықты даярлау шарт. Бұл жүк­­тілік барысының қалыпты, еш­­­­­­­­қан­дай қа­­бы­­нусыз өтуіне әрі бала­­­­ның сау дүниеге келуіне зор септігін тигізеді. Сондықтан кез келген әйел кеш бо­санудан қорықпауы керек, ке­­­­рісінше, дайындықсыз жүктіліктен сақ болуы тиіс», – дейді Гүлнәр. 

Шын мәнінде, Еуропа елдерінде әйелдердің басым көпшілігі 30-дан кейін босанады, бұл әлеуметтік нор­­­­маға айналған. Жаһандану дәуірінде даму, әлем та­­­ну, мансап жасау және шығар­ма­­­­шылық қабілетін іске асы­­­руға бейім әйелдер бала тууға асық­­­­пайды әрі олар Гүлнәрдің жағ­­­да­­йын­­дағыдай қоғам тарапынан қысым көрмейді. АҚШ-та кеш ана болу та­­­қы­­­рыбында түрлі зерттеу бар. Мы­­­­салы, америка­­­­­лық психологтер 20 жас­­­қа дейін жә­­­не 30-40 жас аралы­­­­­ғында ана бол­­­­­ғандар арасында сауал­­­нама өт­­­­­кізген. Әйелдер «Егер қайта шешім қабыл­дай алсаң, сол жасыңда бала туар ма едің?» деген сұраққа жауап берген. 20 жасқа дейін бала туған­­­­­­­дардың көбі «жоқ» деп жауап берді, ал одан үлкен аналардың көп­­шілігі бала туу үшін дұрыс жас таң­­­дағанына сенім білдірген. Гер­­­­­манияда алғаш босан­­­­­ған аналардың орта жасы 30,2 жасқа дейін өскен. Еуропаның басқа елде­­­­рінде де алғаш рет бала туғандар­­­­дың жасы жыл сайын артып келеді: Ита­­­лияда – 31,4 және Испа­­­нияда 31,2 жас­­­­тан жоғары. Ал ең жа­сы – Болгарияда (26,4 жас).

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген талдау нәтиже­­сіне зер салсақ, елімізде де жыл са­­йын 35 жастан асып босанған әйел­­дер са­­­ны ар­тып келеді. Бұл өсім, әсі­­­­ресе 2019 жылдан 2021 жылға д­­­ейінгі ке­­­­­зеңде байқалған. Сауал­­­­нама­­­ға қатыс­­­­­қандар жас кезінде не­­месе 35 жастан кейін бала туғанда өзіндік айырма­­­­­­шылық болғанын жеткізген. Әйтсе де, респондент­­­тердің бір бөлігі керісін­ше, 35 жастан кейінгі жүктілік пен бо­­­сану оңай және жеңіл болғанын, ерек­ше айыр­машылықты сезінбегенін айтты. Көп­­­­теген «35+ жастағы» ана­лар­­­­дың пікірінше, «кеш туған» бала­­­лар мен жас кезде туған балаларды тәрбиелеу әдістерінде елеулі айыр­­­­­машылықтар бар. «Кеш туған» бала­­­­­­­ларды тәрбие­­­­леуде ата-аналар көбірек сүйіспен­­­­шілік, қамқорлық, мейірім­­­­­­­, шы­­­­дам­дылық танытады. Қазақ­­­­­стан­­­­дық ата-аналар «кеш туған» ба­­­ла­­­­лардың өзіне көбірек еркіндік пен таңдау бере отырып, проблема­­лық мәселелерді талқылауға тыры­­сады. Ата-аналардың өздері атап өткендей, «кеш туған» балалар көбі­­­­не талантты және жасына қарамастан ақылды бо­лады. Инсти­­­­тут­тың талдау қоры­­­­­тын­­­­­­­­дысы кеш ана болудың жағымды ас­­­­пекті­­­леріне ананың жүк­­­­тілік пен бала тәрбиесіне дайынды­­­­ғы, балаға сабыр­­­мен қарау, қамқор болу, сондай-ақ жа­­­­сына бай­ланысты ана денсау­­­­­лығы­­­­ның жақсаруын жатқызады. 

Бүгінде босанған әйелдер ара­­­­сында туғаннан кейінгі күйзеліс жиі кездеседі. Ғалымдардың зерт­­­теуін­­­ше, босанғаннан кейінгі депрессия­­­ның ең төменгі мәні – Пәкістанда, ал ең жо­­­­ғары мәні Түркияда тір­­­­­кел­­­ген. Көбіне мұндай кезең нәресте ту­­ғаннан кейін 4-6 апта аралығында дамиды және кем дегенде 2 апта бо­­йы жалғасады және баланың дамуы­­­на әсер етеді. Жағымсыз әсерлер бала­ға оқуда және мен сандармен жұмыс істеуде қиын­­­­­­дықтар туғызуы мүмкін. Босанғаннан кейінгі депрес­­­­сияның нақты этиоло­­­­гиясы жоқ, бі­рақ оның дамуы үшін ықтимал қа­уіп­­­­тер анықталды. Белгілі бір жас­­­­­­­­­­­­та­­­­ғы әйел­дер босанғаннан ке­­йінгі депрессияның пайда болуы­­­на көбірек бейім деген ға­лымдардың пікірі жоқ. Отбасының білім дең­­­­­­гейінің және табысының төмендігі депрессия қаупінің маңызды фак­­­­то­­­рына жатады. Бұл орайда көбіне 35 жас­­­тан асқан ата-аналар балалы болған кезде қаржылық жағынан тәуел­сіз және әлеуметтік тұрғыда аяқ­­­қа тұрғанын зерттеу көрсеткен. 

 Кеш жүктілікте күйзелістің зияны көп

Кеш жүктіліктің жағымсыз сал­­­да­­ры да бар. Дәрігер мамандар меди­­­­ци­налық асқынулар кез келген жүкті әйел­­де кездесуі мүмкін, десе де, жасы кел­ген әйелдерде оның ықтималы арта беретінін айтады, бұған ана ден­сау­­­лығының (жүктілік, бо­сану және босанғаннан кейінгі кезеңде) бұзы­­­­луы, бала саулығының нашар­лауы, ана мен баланың өлім қаупінің көбеюі жатады.

«35 жастан асқан әйелдердің ал­­­­­ғашқы жүктілігінің соңына дейін жет­­­­­пеуіне бай­ланысты баланың шеті­­­­неп кету ықтималы бар. Бұл ке­­­­зеңде со­зыл­­­­­­­­малы аурулар өршуі мүмкін. Бала­­да генетикалық дерттің пайда болу қаупі жоғары. Көпұрықты жүктілік, сондай-ақ босанғаннан ке­­­йінгі асқы­­­­нулар жиілейді. 35 жас­­тан кейін жүкті әйелдерде көбі­­­­­не жүкті­­­­­лікті аяғына дейін көтере ал­мау, мерзімінен бұрын босану, босану қыз­­­­­метінің әлсіздігі, баланың салма­­­­ғы аз болып тууы, бо­­санғаннан ке­­­­­­йін­­­­гі қан кету қаупі сияқ­­­ты аурулар мен проблема­лар кездеседі. Бұған түрлі фактор себеп болуы мүм­­­кін. Сон­­­дықтан кез келген жүктілік жоспар­­­­­лануы тиіс, ал кеш жүктілікке үлкен дайындық керек», – дейді гине­колог-дәрігер Айнұр Мұхит­қызы. 

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ жүргізген талдау нәтижесі 35-40 жас санатындағы ер­лі-зайыптылардың балалы болуы­­на және оның қауіпсіз тууына кедергі келтіретін себептерге көбіне жұқпа­­лы аурулар, гормо­налды бұзылу, суық тию, сондай-ақ ісік (миома, эндо­­­­­метриз, аденомиоз), өзді­гінен тү­­сік жа­­сауды жатқызады. Егер ер­­­лер­­ді бөлек қарастыратын болсақ, онда меди­циналық тексеруден өту кезінде оларда стресс салдарынан спермо­­­грамманың бұзылуы, гормо­­­налды бұзылу сияқты проблемалар анық­­­­­талды. 35 жастан асқан жүкті әйелдер көбіне босанғаннан кейінгі қан кету, пла­центаның бөлінуі, гис­та­­­­циялық қант диабеті сияқты проб­лемаларға/ауруларға тап бола­­ды. 35 жастан асқан әйелдер үшін босану кезіндегі ауыр жағдайлар жатыр суының ағып кетуі, босану қызме­тінің әлсіздігі немесе керісінше тез босану, кіндікке оралу, қан кету, жоғары қан қысымы, пре­­­­­эклампсия, мерзімінен бұрын боса­­­­­нуға байла­ныс­­­ты болуы мүмкін. 

Десе де, 35 жастан кейін бала туу қаупін анықтау мақсатында Нью-Йорк ауруханаларының бірінде бо­­­­­сан­ған төрт мың әйелді бақылаған америкалық дәрігерлер 35 жастан ас­­­қан әйелдің физикалық денсау­­­лы­­ғы жақсы және түсік болмаған болса (тіп­­ті бірін­ші рет босанса да), 20 жас­­­­­тағы ана сияқты қалыпты бала туу мүм­­­­кін­дігі бар деп қорытын­­­­­ды­­­лаған. 

Айдана НҰРМҰХАН