«Астана операда» – Бетховен музыкалары
«Астана операда» – Бетховен музыкалары
122
оқылды
«Астана Опера» камералық залында наурыз айының орта­­сын­да тыңдарман назарына ұлы композитор Людвиг ван Бет­ховен­нің 250 жылдығына арналған жарқын музыка­лық жоба­лар ұсынылады. «Астана Опера» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бет­­ховен­нің 250 жылдық ме­рей­тойын атап өту екі апта­ға созылады. 10 наурыз күні «Қа­­зақ­­ква­р­тет шақырады» топ­­­т­а­ма­сынан «Бетховенге тарту» музыкалық кеші өте­ді. Концерттер сериясы аясын­да Ғ.Жұбанова атындағы Мем­­­ле­кеттік ішекті аспаптар квар­­те­тінің әртістері неміс клас­си­гі­нің барлық 16 кварте­тін орындауға ниет білдіріп отыр. 12 наурызда өтетін «Музыка және оның шығарушылары тура­лы» топтамасындағы «Алыс­­тағы сүйіктіме» атты кон­­­­цертте әйгілі композитор­дың вокалдық әрі аспаптық му­зы­калары орын­­далмақ. Ка­ме­­ралық зал сах­насында «Аста­на Опера» со­лисі спорано Мәди­на Исла­мова, театрдың жетек­ші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері те­нор Жан Тапин, альт Гүлнара Тілеуғабылова, Данияр Есім­ха­нов (фортепиано) өнер көр­се­те­ді. Фортепиано партия­сын­да – Раушан Бескембирова. «Астана Опера» оркестрінің солисі әрі концерт­мейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов 26 наурыз күні атақты компо­зи­тордың мерейтойына арнал­ған концерттер топтамасын ашады. Танымал скрипкашы неміс музыкасы кемеңгерінің скрипка мен фортепианоға арналған барлық 10 соната­сын орындайды. «Махаббат мо­­нологтары» деп аталатын музы­­калық кеште Бағдат Әбіл­хановпен бірге қазақ­стан­дық пианист, халықаралық бай­қау­лардың лауреаты Салта­нат Әбілханова өнер көрсетеді.   Айдана БЕГІМ